Өрнек селосындағы көшенің атын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Өрнек селолық округі әкімінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 03 Шешімі. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 тамызда 87 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Өрнек селосының Жеңістің 30 жылдығы көшесіндегі № 54 үйден № 112 үйге дейінгі аралығы еңбек ардагері Байкеев Қонарбай атындағы көше болып өгертілсін.
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өрнек селолық округінің Әкімі:             Е. Қыдыралыұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады