РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148 Заңының 33-бабының 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ. Даминовке (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Мойынқұм ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.
2. Мойынқұм ауданының және ауылдық, кенттік, округтің әкімдері "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
3. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
4. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысымен белгіленген тәртіппен азаматтарды әскери-дәрігерлік сараптамадан өткізу ұсынылсын.
5. "Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Мойынқұм аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы З. Бижекеевке (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау өз құзіреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Жантоқовқа жүктелсін.
7. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мойынқұм ауданының әкімі | М. Мұсаев |
"КЕЛІСІЛДІ":
"Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің
Мойынқұм аудандық Ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
З. Бижекеев
28 желтоқсан 2009 жыл
"Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ғ. Даминов
28 желтоқсан 2009 жыл