2009 жылы нысаналы топтардағы азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 36 Қаулысы. Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 наурызда 76 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабындағы 5-4) тармақшасын басшылыққа алып, еңбек нарығындағы азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылы ауданның ұйымдарында нысаналы топтарға жататын азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары қосымшаға сәйкес ұйымдастырылсын.
      2. "Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын, қаржыландырудың мерзімі мен көздерін көздейтін шарттарды жасассын.
      3. Осы қаулы аудандық әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге алынған сәттен бастап заңды күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Іңкәрбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі                           А. Нұралиев

"КЕЛІСІЛДІ":

"Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық
сақтау басқармасының Т. Рысқұлов аудандық
орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
М.Ж. Кебежеев
30 қаңтар 2009 ж.

"Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық
сақтау басқармасының Т. Рысқұлов аудандық
орталық емханасы" мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорынының бас дәрігері
Ш.К. Мырзалиев
30 қаңтар 2009 ж.

Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық
сақтау басқармасының "Т. Рысқұлов аудандық
туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік
мекемесінің бас дәрігері
Г. Ихласова
30 қаңтар 2009 ж.

Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық
сақтау басқармасының "Т. Рысқұлов ауданындағы
Луговая бастапқы медициналық-санитарлық
көмек орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
Ж. Торламбай
30 қаңтар 2009 ж.

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 30 қаңтардағы  
№ 36 қаулысына қосымша   

2009 жылы ауданның ұйымдарында нысаналы топтарға жататын азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындары

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

1

"Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің" мемлекеттік мекемесі

17

2

Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау басқармасының "Т. Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

3

3

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының "Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2

4

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2

5

Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау басқармасының "Т. Рысқұлов аудандық туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесі

5

6

Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау басқармасының Т. Рысқұлов ауданы "Орталық аудандық емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2

7

Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау департаментінің "Т. Рысқұлов ауданындағы Луговая бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады