2010 жылы Сарысу ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің 2009 жылғы 2 желтоқсандағы N 12 Шешімі. Жамбыл облысы Сарысу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 06 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 84 болып енгізілді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. «Жамбыл облысы Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е. Абдуллаевқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Сарысу ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.
      2. Жаңатас қаласының және кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері «Жамбыл облысы Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. «Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облысы Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері С. Бегеевке (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды әскери дәрігерлік сараптамадан өткізу ұсынылсын.
      5. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Сарысу аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы Б. Нүркеновке (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Дүйсенбинаға жүктелсін.
      7. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Мәдікенов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігінің Жамбыл облысы Ішкі істер
департаментінің Сарысу аудандық Ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы
Б. Нүркенов
02.12.2009 жыл

«Жамбыл облысы Жаңатас қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Е. Абдуллаев
02.12.2009 жыл

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Сарысу орталық аудандық
ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
С. Бегеев
02.12.2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады