Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 290 Қаулысы. Жамбыл облысы Сарысу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 87 болып енгізілді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 65 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 14.04.2023 №65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарысу ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Боранбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Мәдікенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады