Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.02.25 № 5-24/70 хаты).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы», 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңдарына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы 14 сессиясының № 14/4 «2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылы 8 қаңтарда № 8-3-68 тіркелген, «Теміртау» газетінің 2009 жылдың 15 қаңтардағы № 3, «Зеркало» газетінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 2 және 2009 жылғы 21 қаңтардағы № 3 жарияланған) негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бір рет жол жүрулеріне төленетін 30 теңгелік тарифті ескере отырып 2009 жылы келесі санаттағы оқушыларға қалалық автобус маршруттарында (таксилерден басқа) жол жүрулеріне жеңілдік беру белгіленсін:
1) алыста тұратын білім беру мектептерінің (гимназиялардың, лицейлердің) оқушылары мен білім беру ұйымдарының бірінші сыныпынан сегізінші сыныпқа дейінгі сыныптарының тәрбиеленушілеріне;
2) жалпы білім беру мектептерінің (гимназиялардың, лицейлердің) тоғызыншы сыныпынан он бірінші сыныпқа дейінгі сыныптарының оқушыларына, білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне, сонымен қатар кәсіптік мектептер (лицейлер), колледждер оқушылары мен жеңілдік берілетін санатқа жататын жоғарғы оқу орындарының студенттеріне (жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары).
2. Сонымен:
1) жалпы білім беру мектептерінің бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі сыныптарының (гимназиялардың, лицейлердің) оқушылары мен тәрбиеленушілері тиісті оқу орны берген бірдей үлгідегі оқушылардың арнайы жол билеттерін көрсеткенде ақысыз жол жүру құқығына ие болады;
2) жалпы білім беру мектептерінің тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі сыныптарының (гимназиялардың, лицейлердің) оқушылары мен тәрбиеленушілері тиісті білім беру ұйымы берген анықтаманы көрсеткенде, қолданыстағы тариф құнының 50 % төлейді;
3) кәсіптік мектептердің, лицейлер мен колледждердің оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері тиісті оқу орны берген студенттік билеттерін немесе оқушылық билеттерін көрсеткенде қолданыстағы тариф құнының 50 % төлейді.
3. Жол жүру жеңілдігі 2009 жылға, жазғы каникулды 1 маусымнан 31 тамызға дейінгі уақытты есептемегенде жыл бойына беріледі. Жеңілдікпен жол жүр құқығы Теміртау қаласының маусымдық (саяжайлық) маршруттарында үнемі қызмет көрсететін автобустарында қолданылмайды.
4. Теміртау қаласының бюджетінен 2009 жылға 6.02.464.008 «Күндіз білім беретін ұйымдардың оқушылары мен тәрбиеленушілеріне әлеуметтік қолдау көрсету» бағдарламасы, 100 «Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру» бағдарламасының 311 «Заңды тұлғаларға, оның ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтарға субсидии беру» ерекшелігі бойынша қаржы бөлуді қамтамасыз етсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Владимир Павлович Дмитриев).
6. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы В. Щетинин
Мәслихат хатшысы А. Аркатов
"КЕЛІСІЛДІ"
«Теміртау қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________А.Д. Ахметов
4 ақпан 2009 жыл