2009 жылы Мүгедектер күні қарсаңында азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 маусымдағы N 25/16 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 шілдеде N 8-3-83 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 11/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы 14 сессиясының "2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-68 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 14 қаңтардағы, 21 қаңтардағы N 2, N 3 "Зеркало" және 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 3 "Теміртау" газеттерінде жарияланған) N 14/4 шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектер күні қарсаңында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын барлық топтағы мүгедектер мен мүгедек-балаларға біржолғы материалдық көмек көрсетілсін.
      2. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Қарағанды облыстық филиалының Теміртау қалалық бөлімшесінің 2009 жылғы 1 тамыздағы базамен салыстырған тізім бойынша жоғарыда көрсетілген азаматтар санатына біржолғы материалдық көмек төлемдерін төлесін;
      2) көрсетілетін біржолғы материалдық көмектің көлемі қалалық бюджеттен осы мақсатқа бөлінген ақшалай қаражаттың сомасына байланысты белгіленсін;
      3) көрсетілетін біржолғы материалдық көмекті уақтылы тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
      3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарлама бойынша қарастырылған қаражат есебінен біржолғы материалдық көмек төлемдерін уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   О. Бітебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады