Зияткерлік меншік құқығын қорғау жөніндегі кейбір шаралар туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 08 қаңтардағы N 01/01 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласы әділет басқармасында 2009 жылғы 27 қаңтарда N 8-4-131 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 05 ақпандағы N 06/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2009.02.05 N 06/04 қаулысымен.

      Тауарлық белгілердің қолдан жасалғандығын және зияткерлік меншік құқығын бұзған тұлғаларды анықтау жөніндегі шаралардың орындалуын, сонымен қатар оларды заңнамаларда белгіленгендей жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 637 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 және 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қаулысын орындау үшін Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Балқаш қаласы, Қоңырат, Гүлшат және Саяқ кенттерінде аудио-, аудиокөрнекі шығармалардын, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалардың және кез келген материалдық тасығыштардағы дерекқорлардың даналарын сату тек сауда үйлері мен дүкендерде жүзеге асырылады.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қайрат Әміржанұлы Ибраевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.

      Балқаш қаласының әкімі                     Қ. ТЕЙЛЯНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады