Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.04.16 N 29/228 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 41/399 "Жеке санаттағы азаматтарға Жеңіс күніне жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-71 болып тіркелген, "Балқаш өңірі" газетінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 37 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 44-45 санында жарияланған), қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 12 наурыздағы N 7/62 "Жеке санаттағы азаматтарға Жеңіс күніне жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 41/399 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-102 болып тіркелген, "Балқаш өңірі" газетінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 28 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 42 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 3 тармақтың 1 тармақшасында "10000" сандары "20000" сандарымен ауыстырылсын;
2) 3 тармақтың 2 тармақшасында "5000" сандары "10000" сандарымен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Е.Қ. Баймағанбетов).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрайымы,
қалалық мәслихаттың хатшысы И. Сторожко
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі Тейлянов Қ.Г.
22.04.2009 жыл
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Адамова Қ.Қ.
22.04.2009 жыл
Қаржы бөлімі
бастығы Томпиева Ж.Қ.
22.04.2009 жыл