1993 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 10 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 қаңтарда N 8-4-163 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 4-13/140 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 31.01.2014 № 4-13/140 хатымен).

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын орындау мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысын басшылыққа ала отырып, Балқаш қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне (Б.Ә. Бекмағамбетов келісім бойынша) 2010 жылғы қаңтар-наурыз аралығында, тіркеу жылында жастары 17-ге келетін Қазақстан Республикасы азаматтары мен бұрын шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген үлкен жастағы тұлғаларды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастырып, өткізсін.
      2. Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне (Б.Ә. Бекмағамбетов келісім бойынша) шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды әскери есепке алу, саны мен әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, жалпы білім деңгейлерін, алған мамандықтары мен дене даярлығын анықтау және әскери оқу орындарына түсуге үміткерлерді айқындау мақсатында тіркеу өткізсін.
      3. Қоңырат, Гүлшат, Саяқ кенттерінің әкімдері, ұйымдардың, оқу орындарының, үйлердің пайдалануын жүзеге асырушы тұтынушы пәтер иелері кооперативтерінің басшылары, Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ережесінің N 1 қосымшасы бойынша 1993 жылы туған азаматтардың тізімін шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін тапсыру ұсынылсын.
      4. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың басшыларына әскерге шақырылатын жасөспірімдер медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде медициналық куәландыруды өту және құжаттарды жинау үшін жұмыстан, оқудан босату ұсынылсын.
      5. Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі (Б.Ә. Бекмағамбетов келісім бойынша) 2010 жылғы 15 сәуірге дейін қала әкіміне 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу нәтижелері жөнінде ақпарат берсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі                     Қ. Тейлянов

      КЕЛІСІЛДІ

      Балқаш қалалық қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы
      Б. Бекмағамбетов
      15 желтоқсан 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады