"Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 28 шілдедегі ХХХІІІ сессиясының N 359 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі N 232 шешімі. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 шілдеде N 8-6-86 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы N 336 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010.05.14 N 336 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 4 қыркүйектегі Заңына және "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 28 шілдедегі ХХХІІІ сессиясының N 359 шешіміне (Қарағанды облысы Әділет департаментінің Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2006 жылдың 4 тамызында 8-6-30 нөмірімен тіркелген және "Шарайна" газетінің 2006 жылғы 9 тамыздағы 91 (1346) нөмірінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) шешімнің атауындағы "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру қағидасын" деген сөздер "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын және қалалық және селолық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру қағидасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) шешімнің кіріспесіндегі "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 қаулысына" деген сөздер "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі қаулысына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидада:
      1-тараудағы 2-тармақтағы "шығындар шегіндегі үлесі 11%" деген сөздер "шығындар шегіндегі үлесі 10%" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы).

      Сессия төрағасы                            С. Имамбай

      Қалалық мәслихат хатшысы                   М. Ковтун

      Келісілді:

      "Сәтбаев қалалық еңбекпен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Т. Қапарова
      2009 жылғы 24 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады