Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлеме көтеруге құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.З. Тлеубергеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы 2009 жылдың 1 қазанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы қаулы Ақтоғай ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Әкім | М. Жарылғап |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 17/04 қаулысына қосымша |
Жиырма бес пайызға тарифтік мөлшерлеме және лауазымдық жалақысын көтеруге құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Мәдениет мамандарының лауазымдары:1) мәдениет қазынашылық кәсіпорнының және мемлекеттік мекемесінің басшысы мен орынбасарлары, бөлімшелер басшылары, оның ішінде: бөлім, филиал, сектор, меңгеруші шеберхана және шаруашылық жөніндегі меңгерушісі;
2) (бас, аға, кіші) мамандар, оның ішінде: қор сақтаушы, экскурсия жүргізушісі, өнертанушы, ғылыми қызметкер, мұрағатшы, әдіскер, суретші, кітапханашы, заң кеңесшісі, барлық мамандық инженерлері, барлық атаулардың техниктері, мұрағат қараушысы, аудармашы, билет бақылаушысы, кассир, бағдарламашы, бухгалтер, экономист, хатшы, кадр бөлімінің инспекторы.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) қазынашылық кәсіпорнының және мемлекеттік мекемесінің басшысы мен орынбасары, директор (меңгеруші), филиал, бөлім, бөлімше, орталық, лагер, кабинет, пункт, клуб, кітапхана, кәсіби практика, шеберхана, зертхана, жатақхана, интернат пен комбинаттың басшылары және шаруашылық жөніндегі меңгерушісі;
2) (бас, аға) мамандар, оның ішінде: барлық мамандықтар дәрігерлер мен мұғалімдер, медбике, фельдшер, кітапханашы, мұрағатшы, тәрбиеші, тәлімгер, барлық мамандық инженері, барлық атаулар техниктері, жаттықтырушы, дене шынықтыру, еңбек, жүзу нұсқаушысы, әдіскер, мастер, оқытушы, аудармашы, концертмейстер, мәдени ұйымдастырушы, би үйретуші, аккомпаниатор, бухгалтер, іс жүргізуші, кадрлар бөлімінің инспекторы, комендант, экономист, зертханашы, әдіскер, механик, алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы- ұйымдастырушы, хатшы-машинист, оқу ісі жөніндегі хатшы, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беретін педагог, педагог-психолог, тәрбиешінің көмекшісі, спорт жөніндегі оқытушы-жаттықтырушы, өндірістік оқыту мастері, музыка жетекшісі, тәртіп жөніндегі кезекші, диеталық мейірбике.
3. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
1) қазынашылық кәсіпорнының және мемлекеттік мекемесінің басшысы мен орынбасары, директор (меңгеруші), филиал, бөлім, бөлімше, орталық басшылары;
2) (бас, аға) мамандар, оның ішінде: медбике, фельдшер, тәрбиеші, тәлімгер, барлық мамандық инженері, барлық атаулар техниктері, әдіскер, оқытушы, аудармашы, бухгалтер, іс жүргізуші, кадрлар бөлімінің инспекторы, экономист, әдіскер, хатшы-машинист, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беретін педагог, педагог-психолог, әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші, психолог, социолог, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, бағдарламашы, күтім жөніндегі әлеуметтік жұмыскер, кеңесші заңгер.