2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 02/01 қаулысы. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 04 ақпанда N 8-11-70 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы N 01/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау әкімдігінің 2010.01.15 N 01/04 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес және жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі анықталсын (1 қосымша).
      2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері анықталсын (2 қосымша).
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың еңбек төлемі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "2009 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген еңбекақының ең аз мөлшерінде жүргізілсін.
      4. Аудандық қаржы бөлімі (Мұрат Ойдашұлы Исабаев) аудан бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Надежда Григорьевна Алексеева):
      1) ұйымдардың басшыларымен дер уақытында шарттар жасауды және ұйымдардың берілген өтінімдеріне сәйкес жұмыссыздардың келісімімен бағыттауды қамтамасыз етсін;
      2) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбекақы есептеу мен төлеуді жұмыс беруші ұсынған акті мен жұмыс уақыты есебінің табелі бойынша жүргізсін.
      6. Бұқар жырау аудан әкімдігінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 06/01 "2008 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркелу нөмірі 8-11-52, аудандық N 13 "Сарыарқа" газетінде 2008 жылдың 29 наурызда жарияланған).
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      8. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                Е. НАШАРОВ

Аудан әкімдігінің
2009.20.01 N 02/01
қаулысына 1 қосымша

Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі

      1. Бұқар жырау ауданының селолық округтар мен кенттер әкімдерінің аппараттары.
      2. Бұқар жырау зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының бөлімшесі.
      3. "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      4. "Бұқар жырау ауданының жастармен жұмыс жөніндегі Орталығы" мемлекеттік мекемесі.
      5. "Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      6. "Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      7. Бұқар жырау ауданы бойынша салық комитеті.
      8. Бұқар жырау ауданының ішкі істер басқармасы.
      9. Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасы.
      10. "Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану мұражайы" қазыналық мемлекеттік мекемесі.
      11. "Казахавтодор" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облыстық филиалы, N 45 жол пайдалану учаскесі

Аудан әкімдігінің
2009.20.01 N 02/01
қаулысына 2 қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

      1. Жалғыз басты мүгедектерге және егде азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету - сомасы 2263.0 мың теңге.
      2. Мемлекеттік балалар жәрдемақысын, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар пакетін қалыптастыру – сомасы 2000 мың теңге.
      3. Ядролық полигон аймағында тұрған мерзімі үшін бір мезгілдік мемлекеттік өтемақыны тағайындауға қажетті құжаттар пакетін қалыптастыру – сомасы 970.0 мың теңге.
      4. Зейнетақыны және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны қайта есептеуді жүргізуге құжаттар қалыптастыру - сомасы 161.6 мың теңге.
      5. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын ұйымдастыру - сомасы 1778.0 мың теңге.
      6. Салық төлемдерін жинау – сомасы 1064.1 мың теңге.
      7. Оралмандарды тіркеуге және құжаттандыруға қажетті құжаттарды жинау және ресімдеу – сомасы 323.3 мың теңге.
      8. Жер учаскесіне меншік құқығын тіркеу үшін қажетті құжаттар пакетін қалыптастыру – сомасы 310.0 мың теңге.
      9. Транспорт құралдарының картотекасын жүргізу, номенклатуралық құжаттарды ресімдеу - сомасы 148.2 мың теңге.
      10. Елді мекендерді көгалдандыру және көркейту - сомасы 2000.0 мың теңге.
      11. Тұрғын үйдің, сонымен қатар әлеуметтік және мәдени бағыттағы нысандардың құрылысы, қайта жаңарту және күрделі жөндеу – сомасы 2015.2 мың теңге.
      12. Жедел әскери қызметке әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыру жасындағы азаматтарды тіркеуді жүргізу үшін құжаттарды қалыптастыру - сомасы 269.4 мың теңге.
      13. Мұражай қорларының есебін жүргізу – сомасы 296.4 мың теңге.
      14. Электрондық деректер базасын жүргізу және атаулы-мұрағаттық картотеканы қалыптастыру - сомасы 808,2 мың теңге.
      15. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі құжаттарды және журналдарды жүргізу - сомасы 592,6 мың теңге.
      16. Жолдың жүретін бөлігінде және жол бойы шегінде қоқыс жинау - 889,0 мың теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады