Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда), ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкаларды жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 13 сессиясының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 5 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Әділет басқармасында 2009 жылы 24 сәуірде N 8-11-73 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 28 сессиясының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 28 сессиясының 24.06.2010 № 6 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 387 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда), ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық ставкалары 50% дейін жоғартылсын.

      2. "Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда), ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкаларды жоғарылату туралы" Бұқар жырау аудандық мәслихатының 18 сессиясын 2005 жылғы 6 қыркүйектегі N 5 шешімі күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-6 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінде 2005 жылғы 1 қазандағы N 39 санында жарияланған).

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасының


міндеттерін атқарушы,


Мәслихат хатшысы

А. ЖҮНІСПЕКОВ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады