Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2010.08.16 N 26/227 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағының, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңының 36 бабының 7 тармағының, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 Қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Ережесінің негізінде Жаңаарқа ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2007 жылғы 9 шілдедегі XXXIX сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 39/315 шешіміне (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде нормативтік кұқықтық актінің тіркелген нөмірі N 8-12-34, "Жаңаарқа" газетінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 39 (9224) санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қағидалардың 1 бөлімінің:
1 тармағы:
келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) телефонға абоненттік тарифтерінің өсу өтемақысы - 2009 жылдың сәуір айының жағдайы бойынша қалыптасқан тарифтерінің және қолданыстағы тарифтер аралығындағы айырмашылықты белгілейтін және телефонға абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне байланысты шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін ақшалай өтемақы.";
келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) абонент - осы мақсаттар үшін абоненттік желі абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөлінген, байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан жеке тұлға.";
2) Қағидалардың 3 бөлімінің:
9 тармағы:
келесі мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
"1) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға, телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы өсуіне өтемақы төлеу, ауданның жергілікті өкілетті органдары бекіткен, шығыстардың жарамдылық деңгейінен асатын көлемде осы жергілікті жерде тұрақты өмір сүретін күн көрісі төмен отбасыларға (азаматтарға) ұсынылатын тұрғын үй көмегі құрамында жүзеге асырылады.";
3) Қағидалардың 5 бөлімінің:
18 тармағы: "уәкілетті органға" сөздерінен кейін "немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына" сөздерімен толықтырылсын;
4) Қағидалардың 6 бөлімінің:
25 тармағы: ", аудандық телекоммуникация абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерін артуының бөлімдеріне республикалық бюджеттен жүзеге асырады" сөздері алынып тасталсын;
5) Қағидалардың 8 бөлімінің:
34 тармағы:
келесі мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) Азық-түлік бағасының көтерілуіне байланысты берілетін әлеуметтік төлемдерді тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының жиынтық табысына кіріс болып есепке алынбасын.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
З. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихаттың кезектен тыс
ХVIIІ-ші сессиясының төрағасы Ж. Рыспеков
Аудандық Мәслихат хатшысы Д. Жұмасейітов
"КЕЛІСІЛДІ":
Аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Ш. Ибраева
2009 жылғы 7 қыркүйек