Аудандық мәслихаттын 2009 жылғы 24 маусымдағы 17 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы" N 200 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2009 жылғы 25 қарашадағы N 227 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 желтоқсанда N 8-14-106 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 30 сессиясының 2010 жылғы 18 қазандағы N 293 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 30 сессиясының 2010.10.18 N 293 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 2 тармағы 97 бабына, Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы" Заңының 4 тармағы 34 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 14 сәуір 2009 жылы N 512 бекітілген "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің" Ережесінің 2 тармағының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 маусымдағы "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы" N 200 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіміне N 8-14-99 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2009 жылғы 1 тамыздағы N 31 (5114) санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің бекітілген Қағидаларында:
      1. 27 тармақтағы сөздері келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда өкілетті орган сұраныс жасауға құқықты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамнын табысы туралы мәлімет беруі қажет."
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихатын хатшысы                Е. Туранов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады