Осакаров ауданының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы N 14/03 қаулысы. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 02 маусымда N 8-15-105 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы N 03/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2012.02.01 N 03/01 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, жоғары оқу орындарының, колледждердің және кәсіптік лицейлердің (әрі қарай – кәсіптік оқу орындары) түлектерін – жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың кәсіптік тәжірибе, білім және дағды алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (әрі қарай - жұмыспен қамту):
      1) жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген, кәсіптік оқу орындарын ағымдағы жылы бітірген, сондай–ақ кәсіптік оқу орындарын бітірген уақыттан бастап бір жыл мерзім ішінде жұмыс істемеген жұмыссыз жастар арасында дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені (әрі қарай – Жастар тәжірибесі) жүргізу бойынша жұмысты, мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу үшін, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін жағдайлар жасауды ұйымдастырсын;
      2) Жастар тәжірибесі шеңберінде кәсіптік оқу орындарының жұмыссыз түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастарға дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыруға шарттар жасасын;
      3) Жастар тәжірибесін жүргізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру республикалық және аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылсын;
      4) жасалған жұмыс уақытына сәйкес айына ең төменгі жалақыдан кем емес есебінен Жастар тәжірибесінің қатысушыларына еңбек ақы төлемі қарастырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нүркен Сәйфиддинұлы Көбжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 мамырынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.

      Осакаров ауданының әкімі                   О. Қаппасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады