Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 қаңтардағы N 90/16 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласы әділет басқармасында 2009 жылғы 12 ақпанда N 8-4-133 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 21/215 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 27.06.2018 № 21/215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты тексеру комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы


Мәслихат хатшысы

Е. Омаров


  Қалалық мәслихаттың
2009 жылғы 24 қаңтардағы
XVI сессиясының N 90/16 шешіміне
қосымша

Тіркелген салық ставкалары

р/к N

Салық салу объектісінің атауы

Ай үшін ставка (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады