"2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі N 361 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 05 қарашадағы N 550 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2009 жылы 20 қарашада N 4236 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 02 сәуірдегі N 13-16/957 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облыстық әкімдігінің 2010.04.02 N 13-16/957 хатымен).

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі N 361 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4222 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" газетінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі 72 нөмірінде, "Кызылординские вести" газетінің 2009 жылғы 16 сәуірдегі 58 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасындағы:
      облыстық шақыру комиссиясының құрамына:
      Ысқақова Нэлля Нәбиқызы - "Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің тәрбие, әлеуметтік және психологиялық жұмыстары бөлімінің аға әскери маманы - психолог, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
      Ешмұратов Ербол Қуанышұлы - "Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі бастығының көмекшісі - дәрігер (медициналық комиссияның төрағасы), комиссия мүшесі болып енгізілсін (келісім бойынша);
      аталған комиссияның құрамынан: Қойшыбаева Қарлығаш Балтабайқызы, Смайлов Ермек Әубәкірұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі                        Б. Қуандықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қызылорда облысының қорғаныс
      істері жөніндегі департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________ К.Сауытбаев
      2009 жылғы "_____"____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады