Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2009.11.26 N 270 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тұрмысы төмен отбасылардың ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығы қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Бисембаев
Қазалы ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 9 ақпандағы
N 17 қаулысымен бекітілген
қосымша
Тұрмысы төмен отбасылардың ауыз суға жинақталған
қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің
нұсқаулығы
1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы нұсқаулық жергілікті өкілді органның шешімі бойынша аудандық бюджетте қаралған қаражат шегінде мұқтаж азаматтар санатындағы тұрмысы төмен отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.
2. Тұрмысы төмен отбасыларына ауыз суға жинақталған
қарыздарын өтеу үшін берілетін біржолғы әлеуметтік көмектің
тағайындалуы
3. Тұрмысы төмен отбасыларына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін берілетін біржолғы әлеуметтік көмек "Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сумен жабдықтау нысандарын жөндеу және пайдалану" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұсынған тізімі бойынша "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындайды.
4. Уәкілетті орган кент, қала, ауылдық округ әкiмдерiнің жанынан құрылған тұрмысы төмен отбасылардың тұрмыстық жағдайын зерттейтін учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
5. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган өтініш беруші мен оның отбасының материалдық жағдайын учаскелік комиссияның тексеруі туралы шешім қабылдауы мүмкін.
6. Біржолғы әлеуметтік көмек "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 451007000332 бағдарламасында қаралған қаражат есебінен қаржыландырылады.
7. Біржолғы әлеуметтік көмекті алушылар "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесімен бірге);
3) ауыз суға қарызының анықтамасы;
4) әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) тағайындалғандығы туралы куәлiк (көшірмесімен бірге);
5) азаматтарды тіркеу кiтабы (көшірмесімен бірге) немесе отбасы құрамы туралы анықтама;
6) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) (көшірмесімен бірге).
8. Әлеуметтік көмекті алушыларға белгіленген қаржы "Қазпочта" акционерлік қоғамы Қызылорда облыстық филиалының Қазалы аудандық почта байланыс торабы арқылы жеке шоттарына аударылады.