"Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі Қағидасын" бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 155 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 10 маусымда N 10-8-92 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2010 жылғы 05 наурыздағы N 233 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2010.03.05 N 233 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының  2-тармағын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
      1. "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі Қағидасы" осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы "Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру туралы Ережесін бекіту туралы" N 34 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 15 қаңтарда мемлекеттік тіркеу N 10-8-56, "Тіршілік тынысы" газетінің 2008 жылғы 19 қаңтардағы N 7 шығарылымында жарияланған); Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 11 шілдедегі кезекті VII сессиясының "Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру туралы Ережесін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы кезекті III сессиясының N 34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 91 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 13 тамызда мемлекеттік тіркеу N 10-8-70, "Тіршілік тынысы" газетінің 2008 жылғы 20 тамыздағы N 67 шығарылымында жарияланған) күші жойылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан он күн өткен соң      қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      XII сессиясының төрағасы                  Б. Берікболов.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы              А. Атақаев.

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
29 сәуірдегі N 155 шешіміне
қосымша

Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі
ҚАҒИДА

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 және "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 477 Заңын басшылыққа алып әзірленген.

1. Жалпы қағида

      
      1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі қағида табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтап береді.
      2. Тұрғын үй көмегі халықтың аз қамтамасыз етілген жігіне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеу үшін берілетін өтемақы.
      3. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 15 пайыз мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленген.
      4. Өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй көмегін беру нормасымен баламалы.
      5. От жағатын қысқы мезгіл 15 қазаннан бастап, келесі жылдың 15 сәуіріне дейін белгіленген.

2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы

      
      6. Тұрғын үй көмегі "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы беріледі.
      7. Тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болмаса, өтініш беруші құжаттарын кенттің, ауылдық (селолық) округтің әкіміне тапсырады.
      8. Тұрғын үй көмегі сол аумақта тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
      9. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілерге бір ғана тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
      10. Тұрғын үй көмегі сол аумақта тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
      11. Төмендегі отбасылары:
      - мүгедектерді, стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және ІІ топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан қарияларды бағып-күтумен айналысатын, өзін-өзі қамту мақсатында жұмыс істеп жүрген адамдарды қоспағанда, тұрғын үй көмегін алмайтындар:
      1) отбасы мүшелерінің бірі еңбекке қабілетті бола тұра, жұмыс істемесе, оқымаса, әскерде қызмет етпесе және жұмыспен қамту орталығында есепте тұрмағандар;
      2) ұсынылған жұмыстан бас тартқандар, белсенді түрде жұмыс іздемеген және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысудан бас тартқан жұмыссыздар.

3. Бюджеттен өтелетін және тұрғын үй көмегі есептелетін коммуналдық қызметтер

      
      12. Қызмет түрлері:
      1) Электр қуатымен қамтамасыз ету;
      2) Сумен жабдықтау;
      3) Канализация қызметін өтеу;
      4) Қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтыну ақысы;
      5) Қоқыс әкетуді қамтамасыз ету;
      6) Жеке (баллонмен) газбен қамтамасыз ету;
      7) Қатты отын (көмір).

4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      
      13. Тұрғын үй көмегі "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы жергілікті бюджеттен осы мақсатқа бөлінетін қаржының есебінен азаматтарға атаулы ақшалай түрде беріледі. Тұрғын үй
көмегінің мөлшері тұрғын үй коммуналдық қызметтер үшін нақты есептелген ақыдан аспауға тиісті.
      14. Айдың 25 жұлдызынан кейін өтініш берген азаматтарға тұрғын үй көмегі келесі айдан бастап тағайындалады. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айынан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтері үшін ақы төлеуге жұмсалатын шекті шығындар үлесі, сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық қызметтер мөлшері мен тарифтері өзгерген жағдайда "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бұрын тағайындалған көмекке қайта есептеу жүргізеді.
      15. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер туралы, сондай-ақ, көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 10 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
      "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жалған мәліметтерді әдейі бергені, оның әсерінен жоғары немесе заңсыз өтемақы тағайындалған болса, жалға алушы (меншік иесі) бір жыл бойы көмек алу құқығынан айырылады. Ал, тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сомалар заңда белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
      Көмектің мөлшері жалға алушының (меншік иесі) өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын үй коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін нақты төлемі мен осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол беруге болатын шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.

5. Тиісті құжаттардың тізбесі

      
      16. Тұрғын үй көмегіне өтініш жасағанда келесі құжаттарды тапсыру қажет:
      1) Белгіленген нысандағы өтініші;
      2) Өтініш иесінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;
      3) Өтініш иесінің отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы мәліметтер;
      4) Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер;
      5) тұрғын үйдің техникалық паспорты.

6. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы

      
      17. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім тұрғын үйді жалға алушының (меншік иесінің) жоғарыда көрсетілген құжаттарының негізінде 10 күн ішінде қабылданады және қабылданған шешім жөнінде өтініш иесіне хабардар етіледі.
      18. Ақпараттың растығына күмән туған жағдайда "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі сұрау салуға құқылы.
      19. Шиеленісті, даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар пайда болған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселені шешу арнайы комиссияның қарауына енгізілуі мүмкін.

7. Жиынтық табысты есептеу тәсілдері

      
      20. Отбасының орташа жиынтық табысын есептегенде оның құрамына:
      "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жұбайлар, олардың балалары және ата-аналары, басқа да туысқандары, еңбекке жарамды асырауындағы адамдар, жалға алушымен (меншік иесімен) бірге тұратын және коммуналдық қызметтерді бір бет есеппен төлейтіндер жатады.
      21. Заңдарға және басқа да нормативтік заң актілеріне байланысты тұрғын үй алаңына құқығы бар, отбасы құрамында ұзақ уақыт тұрмаған мына тұлғалар:
      әскери қызметкерлер, қысқа мерзімге әскери қызметке шақырылғандар, бас бостандығынан айырылғандар;
      интернат үйлерінде тұрақты тұратын қаттар мен мүгедектер;
      мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар отбасы құрамына есептелінбейді.
      22. Отбасы құрамы және оның табысының деңгейі өзгерген жағдайда өтініш беруші оларды растайтын құжаттарды тапсыруға міндетті.
      23. Отбасының жиынтық табыстарын анықтау кезінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде қаржылай немесе заттай түрде алынған төмендегі табыстың түрлері есептелінеді:
      1) жалақы түріндегі табыстар, жұмыс істеген уақытында заңға сәйкес қызметкерлерге төленген жалақының барлық түрлері, сонымен қатар сыйақы, қосымша ақылар, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер, жалақы есептеу кезінде есепке алынбайтын және кәсіпорын ұйымдар есебінен төленетін басқа да төлемдер түрлері;
      2) зейнетақылар, шәкіртақылар, мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, бұрынғы белгіленген жеңілдіктер орнына арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, қаржыландыру көзіне байланыссыз жәрдемақылардың басқа түрлері, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға нәпаха;
      4) денсаулығына келтірілген зардаптармен және басқа зақымдар шығындарын өтеу ретінде алынған біржолғы соммалар;
      5) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      6) кәсіпкерліктен және қызметтің басқа түрлерінен алынған;
      7) азаматтардың өз еркімен көрсеткен өзге де табыстары;
      8) 1 жасқа толғанға дейін бала күтімі жөнінде берілетін жәрдемақы.

8. Ауданда табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетуде коммуналдық қызметтер үшін тұрғын үй көмегін есептеу

      
      24. Аудан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтамасыз етілген отбасыларына төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіліп, тағайындалып, төленсін:
      1) электр қуаты 1 айға 1 адамға 45 квт/сағ, 2 адамға 90 квт/сағ, 3 адамға 135 квт/сағ, 4 адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 айға 150 квт/сағ;
      2) газды пайдалану 1 айға 4 адамға дейінгі мүшесі бар отбасыларына 1 кішкентай баллон, салмағы - 10 кг, 4 адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 үлкен баллон, салмағы - 20 кг;
      3) ауыз су пайдалану 1 айға 1 адамға тиісті уәкілетті органдардың берген тарифі бойынша;
      4) су құбырлары жүргізілмеген ауылдық жердің тұрғындарының пайдаланған ауыз суының мөлшері мен құны ауыл әкімдерінің берген есебі бойынша;
      5) Үйдің күл-қоқыстарын шығару үшін әр отбасына;
      6) канализация 1 айға 1 адамға;
      7) қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының арттырылған айырмасы ай сайынғы абоненттік ақы мөлшерінен аспайтын мөлшерде төленеді;
      8) Қатты отын (көмір) пайдалану әрбір отбасына от жағатын қысқы мезгілде үш адамға дейінгі мүшесі бар отбасыларына 1 айға 0,5 тоннадан, үш адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 айға 1 тоннадан.

9. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері

      
      25. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен жүргізіледі.
      26. Тұрғын үй коммуналдық қызметтер көрсетуге жұмсалатын есептік нормативтік шығындарды анықтау табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау мен басқа уәкілетті органдардың анықтамасымен жүргізіледі.
      27. Құжаттардың дұрыс рәсімделуіне "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жауап береді.

10. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау

      
      28. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау құқығы бюджет мүмкіндігіне қарай жергілікті өкілетті органдарға беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады