Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 шілдедегі N 383 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 тамызда N 10-8-99 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 04 маусымдағы N 244 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 04.06.2014 N 244 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына және аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 10 шілдедегі N 175 шешіміне сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Маншариповке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы                Қ. Сәрсенбаев

Сырдария ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 24 шілдедегі
N 383 қаулысына қосымша

Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары.
      2. Бөлім, бөлімше, пункт, сектор басшысы, филиал, орталық сүтхана, дәріхана меңгерушісі, зертхана меңгерушісі, арнайы медициналық қойма жабдықтау меңгерушісі.
      3. Мамандар (бас аға): барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдом бикесі, тіс дәрігері, дантист, тіс технигі, барлық атаудағы медициналық бике, мамандаған медициналық бике, барлық атаудағы фельдшер, медициналық статистик, провизор, психолог, барлық атаудағы зертханашы, барлық атаудағы ассистент (көмекші) маманы, фармацевт, залалсыздандыру жүмыстары, емдеу шынықтыру, еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы, кітапханашы, тәрбиеші, жетекші, музыкалық жетекші.

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары.
      2. Бөлім, бөлімше, сектор басшысы (меңгерушісі).
      3. Мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман (консультант, кеңесші), мәдени ұйымдастырушы (аккомпаниатор), зертханашы, өндіріс оқыту шебері, залалсыздандыру жұмыстары, емдеу шынықтыру, еңбек және қызметкерлерді дайындау жөніндегі нұсқаушы, психолог, кітапханашы, мұрағатшы, фельдшер, тәрбиеші, музыкалық жетекші.

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім беру мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары (шаруашылық жағынан орынбасарынан басқасы).
      2. Психологиялық - медециналық - педагокикалық консультация меңгерушісі, психологиялық - педагокикалық түзету кабинетінің меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, оқу-өндірістік меңгерушісі, лагерь (бастығы) меңгерушісі бала бақша меңгерушісі, үйірме басшылары (жетекшілері).
      3. Мамандар (бас аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәлімгер, тәрбиеші, оқу орнының және оқу өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы, оқу тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын музыкалық жетекші, аккомпаниатор, концертмейстер; өндірістік оқу шебері, әдіскер, тәрбиеші, әлеуметтік педагог, педагог - психолог, қосымша мамандықтағы педагог, дәрігер-психиатор, дәрігер-неврапатолог, дәрігер-сурдолог, дәрігер - овтальмолог, сурдопедагог, тифлопедагог, медициналық статистик, барлық білім беру ұйымдарындағы медициналық қызметкерлер, кітапханашы, зертханашы, мұғалім - логопед, мұғалім - дефектолог.

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары.
      2. Көркем жетекшісі, клуб меңгерушісі, топ меңгерушісі (жетекшісі), музыка бөлімінің меңгерушісі, әдебиет бөлімінің меңгерушісі, көркемдік қоюшы бөлімінің меңгерушісі, әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі.
      3. Мамандар (бас аға): аккомпаниатор; әртіс; кітапханашы; редактор; режиссер; режиссердің көмекшісі; дыбыс режиссері; дыбыс операторы; мәдени ұйымдастырушы; әдістемеші; бас суретші; қоюшы суретші, хореограф, мұражай қорын сақтаушы, ғылыми қызметкер, экскурсовод, мұражай бақылаушысы, дәріскер, мұрағатшы.

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін спорт мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және
басшының орынбасары, филиал директоры (меңгерушісі).
      2. Мамандар (бас аға): оқу тәрбие, оқу өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің, спорт мектебінің нұсқаушысы, нұсқаушы әдістемеші, аға жаттықтырушы, оқытушы педагог - психолог; дәрігер, барлық спорт ұйымдарындағы медициналық қызметкерлер, әдістемеші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады