Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010.02.12 N 52 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 және 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы" 2009 жылғы 6 сәуірдегі N 170 аудан әкімдігінің қаулысының (аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 7 мамырында N 10-8-87 санымен тіркелген, 2009 жылғы 13 мамырдағы "Тіршілік тынысы газетінің N 39 санында жарияланған) қосымшасындағы 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамына төмендегідей өзгерістер енгізіліп, комиссия мүшесінен аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Қалдыбеков Ғани және аудандық емхананың бас дәрігері Пржанова Бисен сөздері алынып, комиссия мүшесі ретінде аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Әлжанов Ерлан және аудандық емхананың бас дәрігері Ерімбет Сексенбай енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Тәуіпбаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық ішкі істер
бөлімі бастығының орынбасары
Әлжанов Ерлан
"14" қазан 2009 ж.
"Келісілді"
Сырдария аудандық емхананың
бас дәрігері
Ерімбетов Сексенбай
"14" қазан 2009 ж.