Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2011.11.14 N 51/4 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат (кезектен тыс ХV сессия) ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"(Салық кодексі) Кодексінің 378, 381 және 383 баптарындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда), елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне, автотұраққа, автомобиль май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Х. Әлтай
Аудандық мәслихат хатшысы С.Қ. Оразымбетов