Ақтау қаласы әкімдігінің "Үйде тәрбиеленетін және оқитын он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу Қағидасын бекіту туралы" 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1469 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі № 984 қаулысы. Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 қыркүйекте № 11-1-116 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37 бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңына, «Қазақстан Республикасының халқын тіркеуді кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жыл 21 шілдедегі № 761 қаулысына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтау қаласы әкімдігінің «Үйде тәрбиеленетін және оқитын он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу Қағидасын бекіту туралы» 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1469 қаулысына (нормативтік құқықты кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11-1-20 болып тіркелген, 14.03.2006 ж. № 41 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      осы қаулымен бекітілген Қағиданың 4 - тармағындағы «тұрғындарды есепке алу» сөздері «азаматтарды тіркеу» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.К. Хитуовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              С. Бекбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады