Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2012.03.12 № 3/23 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының талаптарын басшылыққа ала отырып және 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
Ұлы Отан соғысында қаза болған, хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне;
мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
жалғызілікті зейнеткерлерге;
өз атында пәтері бар, күн көріс деңгейінен төмен, атаулы әлеуметтік көмек алатын мүжәлсіз отбасыларына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі - тұрғын үй көмегі) көрсетілсін.
2. Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Қала әкімі азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмектің уақытылы тағайындалуы мен төленуіне тиісті шаралар алсын.
4. Жаңаөзен қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 29 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі қағида туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10.02.2006ж. 11-2-26 нөмірімен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің 02.03.2006 жылғы 9 нөмірінде жарияланған) № 27/164 шешімінің күші жойылсын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ж. Мұқашев
Қалалық Мәслихат хатшысы М. Сарыев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
М. Абубикиров ____________________
«___» _________________ 2009 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қалалық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы
Н. Ғұмарова ____________________
«___» _________________ 2009 жыл
Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы
14 сәуірдегі № 16/110 шешіміне
қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету
Тәртібі
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі – тұрғын үй көмегі) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестілген адамдарға, Ұлы Отан соғысында қаза болған, хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, өз атында пәтері бар, күн көріс деңгейінен төмен, атаулы әлеуметтік көмек алатын мүжәлсіз отбасыларына және жалғызілікті зейнеткерлерге көрсетіледі.
2. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі-Уәкілетті орган) болып табылады.
3. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестілген адамдарға, Ұлы Отан соғысында қаза болған, хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға Жаңаөзен қалалық зейнетақы төлеу орталығының жасақтаған тізімдері және өз атында пәтері бар, күн көріс деңгейінен төмен, атаулы әлеуметтік көмек алатын мүжәлсіз отбасыларына қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жасақтаған тізімдері негізінде ай сайын тұрғын үй көмегі тағайындалады.
4. Уәкілетті орган жалғызілікті зейнеткерлер үшін ай сайын тапсырылған төмендегідей құжаттардың негізінде тұрғын үй көмегін алушылар тізімін жасақтайды және оларға тұрғын үй көмегі тағайындайды:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;
3) азаматтарды тіркеу кітабыныңы көшірмесі;
4) зейнетақы алушы кітапшасының көшірмесі.
5. Өтініш беруші азаматтар табыс еткен құжаттарының дұрыстығына толық жауап береді. Төлем жүргізілгеннен кейін деректердің анық еместігі айқындалған жағдайда, заңсыз төленген сомалар заңнамада белгіленген тәртіппен кінәлі адамдардан өндіріледі.
6. Тұрғын үй көмегі қалалық бюджет қаражаты есебінен бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын төленеді.
7. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалып, мезгілінде төленуіне Уәкілетті орган жауап береді.
8. Жаңаөзен қалалық зейнетақы төлеу орталығы тұрғын үй көмегі тиесілі категориялар бойынша алушылар тізімдерінің дұрыс және мезгілінде жасақталуын қамтамасыз етеді.