Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Жаңаөзен қаласы мәслихатының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 16/111 шешімі. Жаңаөзен қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 мамырда № 11-2-108 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы мәслихатының 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 11/105 шешімімен

    Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы   мәслихатының 2012.12.11  № 11/105 шешімімен

          "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 40 бабына және"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасынының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 7-бабының 5 тармағына сәйкес,қалалық мәслихат ШЕШіМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына бір рет отбасының бір мүшесіне 12 100 теңге есебінен ақшалай түрде әлеуметтік көмек берілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Жаңаөзен қаласы мәслихатының 2010.12.22 № 34/256 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.08.24 № 43/309 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); Шешімдерімен.
      2. Қызылсай, Теңге ауылдарының әкім аппараттары ауылдық елді мекендерде тұратын, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салаларында жұмыс істейтін мамандардың тізімдерін келесі құжаттар:
      1)өтініш;
      2)жеке куәліктің көшірмесі;
      3)үйдің, пәтердің техникалық паспортының және тұрғын үйге құқық белгілеуші құжатының көшірмелері;
      4)салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
      5)азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6)жұмыс орнынан анықтама
      негізінде әзірлеп, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырсын.
      3. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Абубикиров М. И.) ауылдық елді мекендерде тұратын, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салаларында жұмыс істейтін мамандарының Қызылсай, Теңге ауылдары әкімі аппараттарының әзірлеген тізімдерін тексеріп қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тапсырсын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ж. Мұқашев

      Қалалық Мәслихат
      хатшысы                                    М. Сарыев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы
      М. Абубикиров
      «14» сәуір 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады