Қала әкімдігінің "Жаңаөзен қаласы бойынша 2009 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 21 мамыр № 853 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі № 1404 қаулысы. Жаңаөзен қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 11-2-116 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 10 наурыздағы № 274 «Мемлекет басшысының 2009 жылы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс - қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» және Облыс әкімдігінің 2009 жылы 16 наурыздағы № 746 - 1 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулыларын іске асыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қала әкімдігінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 2009 «Жаңаөзен қаласы бойынша 2009 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-96 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің № 4 (1391) 2009 жылы 28 қаңтарында жарияланған), 2009 жылғы 6 сәуірдегі № 690 «Жаңаөзен қаласы бойынша 2009 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 2009 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-105 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің № 20 (1407) 2009 жылы 20 мамырында жарияланған), 2009 жылғы 21 мамырдағы № 853 «Жаңаөзен қаласы бойынша 2009 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-110 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің № 23 (1410) 2009 жылы 10 маусымында жарияланған), қала әкімдігінің «Жаңаөзен қаласы бойынша 2009 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» 2009 жылғы 3 шілде № 1120 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-113 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің № 32 (1419) 2009 жылы 12 тамызда жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2.Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсін.

      3.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              Ж.Бабаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады