Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 17.05.2017 № 93 қаулысымен және Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 15.05.2017 № 13/106 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Елді мекендер орналасқан жер учаскелерін тиімді пайдалану мақсатында, Бейнеу аудандық мәслихатының және Бейнеу аудандық әкімдігі 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 5-тармағын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" заңының 12 бабының 3) тармақшасын басшылыққа алып, аудандық мәслихат ШЕШЕДІ және аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Сызбаға сәйкес Сарға селосының шекарасынан аумағы 4672 га жер учаскесі қысқартылып, осы жер учаскесі Бейнеу селосының шекарасына қосыла отырып өзгертілсін.
2. "Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (А. Майлан) осы бірлескен қаулы және шешімнен туындайтын шаралар алу тапсырылсын.
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Әзірханов |
Сессия төрағасы | С. Хибасов |
Мәслихат хатшысы | Р. Шалбаев |
Аудандық мәслихаттың және аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 26 қаңтардағы Бірлескен № 14/95 шешіміне және № 12 қаулысына қосымша |
Ескерту: Қосымшаны қағаз нұсқасынан қараңыз.