Аудан бойынша 2009 жылда халықты жұмыспен қамту мәселелері туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 ақпандағы N 24 қаулысы. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 ақпанда N 11-3-72 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы “Халықты жұмыспен қамту туралы” заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” қаулысымен бекітілген “Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне”, “Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібіне” сәйкес аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Қоса беріліп отырған:
      1) 2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен жағдайлары, еңбекақы мөлшерлері, қаржыландыру көздері (1 қосымша);
      2) 2009 жылы әлеуметтік қорғауға мұқтаж нысаналы топтарға жататын адамдарды жұмысқа алуға тиісті кәсіпорын, мекемелер тізімі және нысаналы топтардың әлеуметтік санаттары, квоталары (2 қосымша);
      3) 2009 жылға арналған жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жүргізілетін мамандық түрлері, адам саны, оқу мерзімі үшін жұмсалатын қаржы (3 қосымша);
      4) 2009 жылда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі олардың келісімі бойынша (4 қосымша) бекітілсін.

      2.Қаулыда көрсетілген ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізу, әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға байланысты әлеуметтік төлемдер 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап төленетін болып белгіленсін.

      3. Аталған шаралардың орындалуы үшін қаржы көзін іздестіру “Бейнеу аудандық қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне (М.Нысанбаев) тапсырылсын.

      4. Осы қаулыны оның қосымшаларында көрсетілген мекеме, кәсіпорын басшыларымен келісе отырып орындау “Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесіне (Б.Өмірбеков) жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             Б.Әзірханов

      Қ.Әбілшеев

      К.Машырықов

      Қ.Бөлтеков

      М.Нысанбаев

      Қ.Сынабаев

      А.Ұлықбанов

      М.Көбеген

      Қ.Жарасбаева

      дайындаған:Б.Өмірбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады