Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 13/91 шешімі. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 ақпанда N 11-3-74 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 2/15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 15.04.2016 № 2/15 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық Кодексінің 422-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШЕДІ:
      1. Қызметін аудан аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес мөлшерде белгіленсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 9 желтоқсандағы №20/155 "Ойын бизнесі субъектілері үшін тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылған деп табылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,
 
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Шалбаев
 

      
       "Келісілді"
      Бейнеу аудандық салық
      басқармасының бастығы
      ______________Ә.Әкімбаев
      "____"____________2009 ж

  2009 жылғы 12 қаңтардағы
N 13/91 шешімге қосымша

Қызметін аудан аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары

Рет саны
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салық ставкасы (айлық есептік көрсеткішпен)
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4.
Ойын жолы
5
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелі
3

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады