2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Жаңа

Қарақия ауданы әкімінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 02 шешімі. Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 ақпандағы N 11-4-72 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылдың 8 шілдедегі N 74-ІІІ Заңдары негізінде ШЕШЕМІН:

      1. 1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргізілсін.

      2. Шақыру учаскесі Жаңаөзен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің базасында ұйымдастырылсын.

      3. Кент, село әкімдері және ұйымдардың басшылары:
      - 1992 жылы туылған және бұдан бұрын тіркеуден өтпеген азаматтардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.

      4. Аудандық ауруханасы Б.Төлешовке (келісім бойынша), аудандық емханасы Ж.Шолановаға (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
      - 1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде медициналық куәландыру комиссиясына тәжірибесі мол маман-дәрігерлерді қатыстыру;
      - 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюрографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
      - азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының маман-дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентгенпленкамен, флюрографияға, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету;
      - созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандардың тізімдерін, денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік бақылау мәліметтерін;
      - дәрігерлік амбулаториялық карталарын қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2009 жылдың қаңтар айына дейін тапсыру, комиссия жолдаған азаматтарды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеруден өткізу.

      5. Аудандық ішкі істер бөліміне Б.Нсанбаев (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
      - азаматтардың тіркеу учаскелеріне келуін бақылауды қадағалау және олардың тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу, шақыру учаскесінде реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету.

      6. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу мақсатындағы жұмыстарын жүргізу және тіркеуден өткізу барысында оларды Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге дайындау қортындысы туралы хабарламаны аудан әкіміне жазбаша хабарлама түсіру, Жаңаөзен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне Д.Қонқаевқа (келісім бойынша) ұсынылсын.

      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелсін.

      8. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             Б.Батаев

      Келісілді:
      Аудан әкімінің орынбасары
      Г.Сүйеуова_______ « ___» ____2008 ж.
      (қолы)

      Аппарат басшысы
      С.Мұқанов_______ « ___» ____2008 ж.
      (қолы)

      Аудан әкім аппаратының
      бас маман заңгер-кеңесшісі
      Р.Тулегенова_______ « ___» ____2008 ж.
      (қолы)

      Жаңаөзен қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлім бастығы
      Д.Қонқаев________ «___»_____2008 ж.
      (қолы)

      Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
      Б.Нсанбаев________ «___»_____2008 ж.
      (қолы)

      Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері
      Б.Төлешов________ «___»_____2008 ж.
      (қолы)

      Аудандық емхананың бас дәрігері
      Ж.Шоланова_______ «___»_____2008 ж.
      (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады