Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 331 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және аудан әкімдігінің 25 ақпан 2009 жылғы № 85 «Түпқараған ауданы әкімдігінің құрылымы туралы» қаулыларын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің «Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары туралы» 26 мамыр 2008 жылғы № 270 қаулысына (аудандық әділет басқармасында 09 маусым 2008 жылы № 11-6-57 болып тіркелген, «Ақкетік арайы» газетінің 2008 жылғы 17 маусым № 29-30, 24 маусым № 31-32, 1 шілде № 33, 8 шілде № 34, 21 қазан 50 - 51 сандарында жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулыдағы және 17 қосымшадағы "Мүгедектер" деген сөздің алдынан "Жалғызілікті, сондай - ақ жалғыз тұратын қарттарға және" деген сөздермен толықтырылсын;
қаулының 1 тармағының 3 тармақшасы және 23, 25 қосымшалардағы «Түпқараған аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» сөздері «Түпқараған аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі» сөздерімен ауыстырылсын;
қаулы және 23 қосымшадағы "Қосалқы" деген сөздің алдынан "Жеке" деген сөзбен толықтырылсын;
24 және 27 қосымшалар алынып тасталсын;
қаулыдағы және 26, 28, 29 қосымшалардағы "рәсімдеу" деген сөз "беру" деген сөзбен ауыстырылсын;
қаулыдағы және 30 қосымшадағы "өтеусіз" деген сөз "өтемін төлеп" деген сөздермен, "рәсімдеу" деген сөз "беру" деген сөзбен ауыстырылсын;
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасарларына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі С.Ө.Трұмов
«КЕЛІСІЛДІ»:
Д.О.Меңдіханов
О.Б.Жарылғапова
Д.С.Шүкірбаева
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
07 шілде 2009 жыл
Д.Утебалиев
Аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік
бөлімінің бастығы
07 шілде 2009 жыл
Қ.А.Шарипов
Аудандық жер қатынастары бөлімінің
бастығының м.а
07 шілде 2009 жыл