Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 05 желтоқсандағы № 233-қ "Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 188 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаменті Мұнайлы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 қыркүйекте № 11-7-58 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 «Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулысына, 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 2637 Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы туралы» қаулысы және Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы № 1 «Мұнайлы ауданы әкімдігінің құрылымына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Мұнайлы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 05 желтоқсандағы № 233-қ «Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11-7-29 болып тіркелген, аудандық «Мұнайлы» газетінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 53(56) санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      қаулы мәтініндегі және аталған қаулымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мәтініндегі «Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» деген сөз «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      аталған қаулымен бекітілген «Қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының тақырыбындағы және мәтініндегі «қосалқы» сөзінің алдына «жеке» деген сөзбен толықтырылсын.
      аталған қаулымен бекітілген «Мал басы туралы мәліметтер беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының күші жойылсын;

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Т.Асауовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                    О.Қазақбаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік
      және ауыл шаруашылық бөлімі»
      мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы
      Т.Көшмағанбетов
      28 тамыз 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады