Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 05.10.2017 № 499 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 68-бабының 1-тармағына, 69-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарсор-Орқаш, Михайловка, Сарықопа, Тауынсор мемлекеттік табиғи қаумалдар аумағындағы жер учаскелері иелерінің және жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер қойылсын:
1) жабайы жануарлардың өліміне жол бермеу үшін ауылшаруашылық машиналар пышақтары секцияларының алдына шошытуға лайықты құралдар бекіту;
2) тыңайтқыштарды қолдану кезінде олардың мөлшерлемесін қатаң түрде сақтау, тыңайтқыштарды егістіктің жиектерінде ұқыпсыз сақтауға жол бермеу;
3) пішен орудың мерзімін 1 шілдеден бастау;
4) топыраққа ауылшаруашылық дақылдардың уланған тұқымдарын қажетті тереңдікте жақсылап егу және ауылшаруашылық техникасына май құю кезінде жердің бетіне уланған тұқымдардың шашылуына жол бермеу;
5) пішен ору және ауылшаруашылық дақылдарын жинау кезінде жабайы жануарлардың жаппай өлу жағдайларын болдырмайтын тәсілдерді қолдану.
2. Жарсор-Орқаш, Михайловка, Сарықопа, Тауынсор мемлекеттік табиғи қаумалдар аумағында мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауға қатер төндірсе немесе оларды молықтыруды нашарлатып жіберетін кез-келген қызметке жол берілмесін, оның ішінде:
1) аңшылықты;
2) ұяларды, індерді, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдіруге;
3) балықтан басқа хайуандарды, кез келген тәсілдермен және құралдармен олжалауға;
4) өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін жерсіндіруді;
5) жұмыртқа жинауды;
6) орман алаңдарында, алаңқай жерлерде, шабындықтарда, жайылымдарда шөптерді, бұталарды және аңыздарды өртеу, басқаруында қаумал орналасқан органның келісімі бойынша басқарылатын жасытудан басқа;
7) суырлар және басқа да құнды аңдар мен құстар мекен еткен жерлерде жалпы пайдаланудағы жолдардың шетінде механикаландырылған көліктің қозғалысы;
8) сәуірден маусымға дейін суда жүзетін құстар мен шалшықшылар ұя салу кезінде өзеннің жағалау учаскелерінде ірі қара мал мен қойларды бағуды;
9) сәуірден маусымға дейін суырлар мен басқа да құнды аңдар және құстар мекен еткен жерлерде иттерді байлаусыз ұстауды;
10) топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы;
11) көл жағалауына дейін 4 шақырым жақын қашықтықта шопандарға арналған вагондарды және малдар үшін кардтар орналастыруды;
12) көлікті жөндеу, көл айдыны шегінде жанар-жағар май материалдарын тастау;
13) Жарсор-Орқаш қаумалы бойынша тырналардың таралу мекеніне кірмейтін егістік жер учаскелерін есептемегенде бақша дақылдарын өсіруге арналған тың даланы жыртуды;
14) шопан вагондарын және Жарсор-Орқаш қаумал шекарасынан 1,5-2 шақырым жақын малға орналған кардтарды орналстыруды;
15) қыркүйек айында Ақсу көлі мен Жарсор-Орқаш қаумалы бойынша Жарсор көлінің солтүстік және шығыс жағынан батпақты жағалауларын қосатын ауданда тырналар шоғырланған негізгі жерлерде мал жаю;
16) тыңайтқыштар мен улы химикаттарды көлдің жаны мен ормандалалы учаскелерде сақтау.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 2011.10.14 № 410 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай | |
облысының әкімі | С. Кулагин |
КЕЛІСІЛДІ:
"Костанай облыстық орман
және аңшылық шаруашылығы
аумақтық басқармасы"
мемлекеттік мекемесенің
бастығы
__________ М. Бегімбетов
23.06.2009
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті Науырзым мемлекеттік
табиғи қорығы" мемлекеттік
мекемесінің директоры
__________________ Б. Муттаков
23.06.2009
"Қазақстан Республикасы
Қоршаған Ортаны қорғау
министрлігі Экологиялық
реттеу және бақылау комитеті
экологиясының Тобыл-Торғай
департаменті" мемлекеттік
мекемесі Қостанай филиалының
бастығы
_________________ А. Кәрімов
23.06.2009
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
Су ресурстары комитеті Су
ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекция" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ Ғ. Оспанбекова
23.06.2009