Әкімдіктің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 236 "Қостанай облысының мемлекеттік табиғи қаумалдары аумағындағы жер учаскесі иелерінің және жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеу қою туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 410 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 27 қазанда № 3777 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 499 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 05.10.2017 № 499 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысының мемлекеттік табиғи қаумалдары аумағындағы жер учаскесі иелерінің және жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеу қою туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 236 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3683 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың 2), 3), 13) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) ұяларды, індерді, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдіруге;

      3) балықтан басқа хайуандарды, кез келген тәсілдермен және құралдармен олжалауға;";

      "13) Жарсор-Орқаш қаумалы бойынша тырналардың таралу мекеніне кірмейтін егістік жер учаскелерін есептемегенде бақша дақылдарын өсіруге арналған тың даланы жыртуды;".

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай


облысының әкімі

С. Кулагин

КЕЛГСІЛДІ:


"Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрлігі


Орман және аңшылық шаруашылық


комитетінің Қостанай облыстық


орман және аңшылық аумақтық


инспекциясы" мемлекеттік


мекемесінің бастығы


_______________ М. Бегімбетов


"Қостанай облысы


әкімдігінің табиғи


ресурстар және пайдалануды


реттеу басқармасы" ММ бастығы


________________ Қ. Төлеубаев



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады