Қостанай облысының мемлекеттік табиғи қаумалдары аумағындағы жер учаскесі иелерінің және жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеу қою туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 236 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 8 шілдеде № 3683 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 499 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 05.10.2017 № 499 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 68-бабының 1-тармағына, 69-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарсор-Орқаш, Михайловка, Сарықопа, Тауынсор мемлекеттік табиғи қаумалдар аумағындағы жер учаскелері иелерінің және жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер қойылсын:

      1) жабайы жануарлардың өліміне жол бермеу үшін ауылшаруашылық машиналар пышақтары секцияларының алдына шошытуға лайықты құралдар бекіту;

      2) тыңайтқыштарды қолдану кезінде олардың мөлшерлемесін қатаң түрде сақтау, тыңайтқыштарды егістіктің жиектерінде ұқыпсыз сақтауға жол бермеу;

      3) пішен орудың мерзімін 1 шілдеден бастау;

      4) топыраққа ауылшаруашылық дақылдардың уланған тұқымдарын қажетті тереңдікте жақсылап егу және ауылшаруашылық техникасына май құю кезінде жердің бетіне уланған тұқымдардың шашылуына жол бермеу;

      5) пішен ору және ауылшаруашылық дақылдарын жинау кезінде жабайы жануарлардың жаппай өлу жағдайларын болдырмайтын тәсілдерді қолдану.

      2. Жарсор-Орқаш, Михайловка, Сарықопа, Тауынсор мемлекеттік табиғи қаумалдар аумағында мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауға қатер төндірсе немесе оларды молықтыруды нашарлатып жіберетін кез-келген қызметке жол берілмесін, оның ішінде:

      1) аңшылықты;

      2) ұяларды, індерді, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдіруге;

      3) балықтан басқа хайуандарды, кез келген тәсілдермен және құралдармен олжалауға;

      4) өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін жерсіндіруді;

      5) жұмыртқа жинауды;

      6) орман алаңдарында, алаңқай жерлерде, шабындықтарда, жайылымдарда шөптерді, бұталарды және аңыздарды өртеу, басқаруында қаумал орналасқан органның келісімі бойынша басқарылатын жасытудан басқа;

      7) суырлар және басқа да құнды аңдар мен құстар мекен еткен жерлерде жалпы пайдаланудағы жолдардың шетінде механикаландырылған көліктің қозғалысы;

      8) сәуірден маусымға дейін суда жүзетін құстар мен шалшықшылар ұя салу кезінде өзеннің жағалау учаскелерінде ірі қара мал мен қойларды бағуды;

      9) сәуірден маусымға дейін суырлар мен басқа да құнды аңдар және құстар мекен еткен жерлерде иттерді байлаусыз ұстауды;

      10) топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы;

      11) көл жағалауына дейін 4 шақырым жақын қашықтықта шопандарға арналған вагондарды және малдар үшін кардтар орналастыруды;

      12) көлікті жөндеу, көл айдыны шегінде жанар-жағар май материалдарын тастау;

      13) Жарсор-Орқаш қаумалы бойынша тырналардың таралу мекеніне кірмейтін егістік жер учаскелерін есептемегенде бақша дақылдарын өсіруге арналған тың даланы жыртуды;

      14) шопан вагондарын және Жарсор-Орқаш қаумал шекарасынан 1,5-2 шақырым жақын малға орналған кардтарды орналстыруды;

      15) қыркүйек айында Ақсу көлі мен Жарсор-Орқаш қаумалы бойынша Жарсор көлінің солтүстік және шығыс жағынан батпақты жағалауларын қосатын ауданда тырналар шоғырланған негізгі жерлерде мал жаю;

      16) тыңайтқыштар мен улы химикаттарды көлдің жаны мен ормандалалы учаскелерде сақтау.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 2011.10.14 № 410 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      облысының әкімі С. Кулагин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Костанай облыстық орман

      және аңшылық шаруашылығы

      аумақтық басқармасы"

      мемлекеттік мекемесенің

      бастығы

      __________ М. Бегімбетов

      23.06.2009


      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Орман және аңшылық шаруашылығы

      комитеті Науырзым мемлекеттік

      табиғи қорығы" мемлекеттік

      мекемесінің директоры

      __________________ Б. Муттаков

      23.06.2009


      "Қазақстан Республикасы

      Қоршаған Ортаны қорғау

      министрлігі Экологиялық

      реттеу және бақылау комитеті

      экологиясының Тобыл-Торғай

      департаменті" мемлекеттік

      мекемесі Қостанай филиалының

      бастығы

      _________________ А. Кәрімов

      23.06.2009


      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігінің

      Су ресурстары комитеті Су

      ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай

      бассейндік инспекция" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      _________________ Ғ. Оспанбекова

      23.06.2009

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады