Қостанай облысының мемлекеттік табиғи қаумалдар аумағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларының шаруашылық қызметінің шектеулерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 499 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 қазанда № 7272 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабы 1-тармағына, 69-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысының Жарсор-Ұрқаш, Михайловка, Тауынсор мемлекеттік табиғи қаумалдар (зоологиялық) аумағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларының шаруашылық қызметінің шектеулері белгіленсін:

      1) уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, аң аулауға, балықтарды қоспағанда, кез келген тәсiлдермен және құралдармен, жануарларды аулауға, жануарлардың бөтен түрлерiн интродукциялауға, ұяларды, iндердi, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдiруге, жұмыртқаларды жинауға жол берілмейді;

      2) белгіленген режимді сақтай отырып, ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыруға (ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, шөп шабу, мал жаю) және бал ара шаруашылығына рұқсат етіледі.

      2. Мыналар:

      1) Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 236 "Қостанай облысының мемлекеттік табиғи қаумалдары аумағындағы жер учаскесі иелерінің және жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеу қою туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3683 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған);

      2) Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 14 казандағы № 410 "Әкімдіктің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 236 "Қостанай облысының мемлекеттік табиғи қаумалдары аумағындағы жер учаскесі иелерінің және жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеу қою туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3777 болып тіркелген, 2011 жылғы 8 қарашада "Костанайские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі Орман

      шаруашылығы және жануарлар

      дүниесі комитетінің Қостанай

      облыстық орман шаруашылығы

      және жануарлар дүниесі аумақтық

      инспекциясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      __________________ Д. Жұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады