"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13-бабына сәйкес, қалалық ономастикалық комиссияның қорытындысын қарап, халықтың пікірін ескеріп, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай қаласының Маяковский және Воинов Интернационалистов көшелері бойынша орналасқан жаңа шағын ауданына "Наурыз" атауы берілсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қостанай қаласы әкімінің |
Сессия төрағасы, № 12 сайлау Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы |