Әкімдіктің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 27 "Арқалық қалалық мәслихатының "2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 111 "Арқалық қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі № 340 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қазанда № 9-3-116 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" туралы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-3) тармақшасына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің "Арқалық қалалық мәслихатының "2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 111 "Арқалық қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы" 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 27 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-3-102 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 30 қаңтарындағы "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспеде:
      "Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 64-1-бабы 3) тармақшасына сәйкес" деген сөздері алып тасталсын;
      "мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      төртінші жаңа жолдағы "Строитель" сөзі алынып тасталсын;
      тоғызыншы, он екінші жаңа жолдар мынандай редакцияда жазылсын:
      Ауғанстан Республикасынан кеңес әскерлерін шығарудың 20 жылдығына соғыс қимылдары кезінде оқу жиындарына шақырылып, Ауғанстанға жеберілген әскери міндеттілерге, соғыс қимылдары кезінде осы елге жүктер жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне, бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан жауынгерлік тапсырмаларды орындауға ұшулар жасаған ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне, Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен жұмысшылар мен қызметшілерге, жарақаттар, контузиялар немесе мертігулер алғандарға не Ауғанстандағы соғыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатынасқаны үшін бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендері және медальдарымен марапатталғандарға 2000 (екі мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
      оралмандар, көп балалы отбасылары, толық емес отбасылары, жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар, кірістері күнкөріс шегінен төмен отбасылардың балаларына жоғары кәсіби білім алу үшін мемлекеттік білім гранттарының иегерлерін, мемлекеттік бюджет есебінен төлемдердің басқа түрін алушыларын қоспағанда, жоғары медициналық немесе педагогикалық білім алуға байланысты шығындарын өтеу үшін жастарға 250 (екі жүз елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын әлеуметтік көмек көрсету";
      он тоғызыншы, жиырмасыншы жаңа жолдармен толықтырылсын:
      "Құрметті донор" төс белгісі бар азаматтарға 20000 (жиырма мың) теңге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету;
      Ұлы Отан соғысының қатынасушылары мен мүгедектеріне телефон орнатуға 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету".
      4-тармақша жаңа редақцияда жазылсын:
      "4. Осы қаулы 2009 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілсін".
      2. Осы қаулы 2009 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілсін.

      Арқалық қаласының әкімі                          Т. Төлеубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады