"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылғы қаңтардан бастап наурызды қоса "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Октябрь кентінің әкімі Роот В. А., Красногор селосының әкімі Бекешева А. З. тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды уақытында шақыру учаскесіне әскери есепке келуін қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Лисаков қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркеуден жалтарып жүргендерді іздестіру жұмысын ұйымдастыру ұсынылсын.
4. "Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тіркеу науқанын жүргізу үшін қаржыландыру жоспарына сәйкес ақшалай қаражаттар бөлсін.
5. "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шешімді орындау жөнінде атқарылған жұмыс туралы ақпарат Лисаков қаласының әкіміне 2010 жылғы 1 сәуірге қарай беру ұсынылсын.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі В. Радченко
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрлігі Қостанай
облысының ішкі істер
департаменті Лисаков қаласының
ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Т. Айсин
2009.12.29
"Қостанай облысы Лисаков
қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________ Р. Саттаров
2009.12.29