Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 65 қаулысы. Қостанай облысы Алтынсарин ауданың Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда № 9-5-84 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 201 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2011.06.30 № 201 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 64-1 бабының 3)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1-тармағының 1)- тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" және "Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік төлемдер белгіленсін:

      тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық мұқтаждарына бір еселеген айлық есептік көрсеткіштің көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;

      тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне бір еселеген айлық есептік көрсеткіштің көлемінде, коммуналдық қызметтердің шығындарын ішінара өтеуге ай сайынғы әлеуметтік көмек;

      тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне жиырма бес еселеген айлық есептік көрсеткіштің көлемінде қатты отынды сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек;

      тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, оқу жылы кезеңіне сегіз еселеген айлық есептік көрсеткіштің көлемінде үйде оқып жатқан мүгедек балаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек;

      тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, туберкулезбен ауыратын науқас азаматтарға амбулаториялық емдеу мерзімінде қосымша тамақтануға бес еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек; тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтылған азаматтарға, азық-түлік себеті көлемінің ұлғаюына байланысты бір еселенген айлық есептік көрсеткіштің көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;

      тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, мерекелік және атаулы күндеріне өкілетті органның шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтәік көмек.

      Азаматтардың санаттары мен біржолғы әлеуметтік көмектің көлемін әрбір нақты күнге өкілетті орган белгілейді;

      Қазақстанның медициналық және педагогикалық оқу орындарында іштей оқитын студент жастардың санына: жетім балаларға, көп балалы отбасы, толық емес отбасылары балаларына, ата-ананың қамқорлығысыз қалған балаларға және оқуға оның нақты құнының көлемінде төлеуге әлеуметтік көмекке мұқтаж басқаларына, әлеуметтік көмек;

      тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, аудан әкіміне жазбаша өтінішпен өтінген тұрғындардың әлжуаз жіктеріне он үш еселенген айлық есептік көрсеткіштің көлеміне дейін біржолғы әлеуметтік көмек.

      2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай- уәкілетті орган) белгіленсін.

      Анықталсын:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту жөнінде шешімді әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша өкілетті орган қабылдайды;

      2) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттілікке ай сайынғы әлеуметтік көмек өтінішті берген айынан тағайындалады және өтініш иесінің өлуіне немесе Алтынсарин ауданының аумағы шегінен кетуіне байланысты тоқтатылады;

      3) үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек психолого-педагогикалық кеңестің негізінде өтініш берген айдан тағайындалады. Мүгедек балалардың интернат үйлерінде және санаторлық мектептерде тұрған кезеңінде әлеуметтік көмекті төлеу жүргізілмейді.

      4) жоғарғы оқу орындарындағы оқуға төлемдерге біржолғы әлеуметтік көмек келісім шарт және оқу орынның оқуға әрбір оқу жылына ақының мөлшері жөніндегі анықтама негізінде төленеді;

      5) әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының дербес шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен уәкілетті органның тізімі бойынша жүргізіледі.

      6) тұрғындардың әлжуаз жіктеріне бір жолғы материалдық көмек көрсетуге әлеуметтік көмек, отбасының кірісіне қарамастан, аудан әкімінің бұрыштамасы бар аудан әкімі аппаратындағы өтініштерді есепке қою карточкалары негізінде төленеді.

      3. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

      5. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 27 "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне атаулы әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу ережелерін бекіту туралы", 2008 жылғы 17 қыркүйектегі № 224 "Жоғарғы білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студент қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-5-75 2008 жылғы 23 қыркүйек), 2008 жылғы 27 қарашадағы № 274 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" қаулыларының күші жойылсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К. Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Алтынсарин ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          К. Таңқыбаев         

Әкімдіктің               
        2009 жылғы 18 ақпандағы  
№ 65 қаулысымен бекітілген

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін
қажетті құжаттардың ТІЗБЕСІ

      1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін міндетті құжаттар болып табылады:
      әлеуметтік көмекке жүгінген тұлғаның өтініші;
      өтініш иесін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты мекенжайын растайтын құжат;
      кәмелетке толмағанның заңды өкілі болып табылатын өтініш иесіне-аталған статусты растайтын құжаттың көшірмесі;
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттілікке, коммуналдық қызметтерге шығындарды ішінара өтеу үшін, қатты отынды сатып алуға:
      Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе мүгедектік жөніндегі куәліктің көшірмесі;
      2) үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға ай сайынғы әлеуметтік көмекке:
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      мүгедектікті анықтаған медико-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;
      психолого-медико-педагогикалық кеңестің үйде оқыту қажет жөніндегі берген анықтамасы;
      үйде оқып жатқанын дәлелдейтін, оқу орыны берген анықтамасы;
      3) туберкулезбен ауратын азаматтарға қосымша тамақтану үшін:
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмағандар үшін);
      аурудың амбулаторлық емдеуде жүргенін растайтын емдеу мекемесінің анықтамасы;
      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің алушылары болып табылатын аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін:
      уәкілетті орган бекіткен атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың тізімі;
      5) оқуды төлеу үшін біржолғы әлеуметтік көмекке:
      әлеуметтік көмекті алуға комиссияның шешімі;
      оқу жылына оқу ақысының мөлшері мен оқу орынын растайтын құжат.
      2. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері ұсынылады.
      Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары иелеріне қайтарылады, ал көшірмелері іске қалыптастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады