Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағы, 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Аудан аумағында 2009 жылдың қаңтар-наурызында "Аманкелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. "Аманкелдi аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорыны бас дәрігеріне (келісім бойынша) "Аманкелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Село, ауыл және ауылдық округ әкiмдерi азаматтардың шақыру учаскесiне тiркелуге келуiн қамтамасыз етсін.
4. "Аманкелді аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу жөніндегі медициналық комиссия қызметін қаржыландыруды қамтамасыз етсін, сол сияқты аудандық бюджет есебінен белгіленіп бөлінген қаржы көлемінде емдеу-сауықтыру мекемелерінде медициналық тексеру шараларын қаржыландыруды шешуді жүзеге асырсын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 19 қаңтарында туындаған іс-әрекетке таралады.
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Хайруллинге жүктелсiн.
Аманкелдi
ауданының әкiмi С. Ахметов