Әлеумекттік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 85 қаулысы. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 18 мамырда № 9-6-95 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына және Аманкелді аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы "Аманкелді ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-6-86 болып тіркеліп, "Аманкелді арайы" аудандық газетінің 2009 жылғы 02 қаңтардағы № 2 санында жарияланған) № 82 шешіміне сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық бюджеттен төленетін төменгі әлеуметтік көмек түрлері белгіленсін:
      1) Қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде;

      2) Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде;

      3) Оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 2 есе көлемінде;

      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға монша және шаштараз қызметін көрсету үшін әлеуметтік көмек ай сайын 1273 теңге көлемінде;

      5) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесіне байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға сый ақы әр адамға 10000 теңге көлемінде;

      6) Дербес зейнеткерлерге біржолғы көмек жылына бір рет 30000 теңге көлемінде;

      7) Аудан рыногындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерiне жоғарғы оқу орындарында студенттерге оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтiк көмек жоғары оқу орындарының анықтамасы негізінде;

      8) Ауғанстан Республикасынан Кеңес әскерлерін алып кетудің 20 жылдығы құрметіне Ауғанстандағы әскери қимылдарға қатынасушылардың әрқайсысына 10000 теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;

      2. Осы әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеу үшін уәкілетті орган болып "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі уәкілетті орган) белгіленсін.

      3. Төмендегілер белгіленсін:
      1) Құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 күн ішінде әлеуметтік көмектің тағайындалуына немесе тағайындалмауына уәкілетті орган шешім шығарады;

      2) Қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге арналған әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне, егер бала қайтқан уақытында жұмысқа жарамды әкесі (қорғаншы және қамқоршысы) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыс іздеуші ретінде тіркелген болған жағдайда ғана тағайындалады;

      3) Оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне (қорғаншы және қамқоршысы) тағайындалады;

      4) Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек, қайтыс болғанға дейінгі жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздарға тағайындалады;

      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға монша және шаштараз қызметін көрсету үшін әлеуметтік көмек ай сайын 1273 теңгеден тағайындалып, төленеді;

      6) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесіне байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға сый ақы әр адамға 10000 теңге көлемінде жылына бір рет тағайындалып, төленеді;

      7) Дербес зейнеткерлерге біржолғы көмек 30000 теңге көлемінде жылына бір рет тағайындалып, төленеді;

      8) Аудан рыногындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша жалпы бiлiм беретiн мектептерден аз қамтылған отбасы, көп балалы отбасы, тұлдыр жетiм және жартылай жетім отбасынан шыққан түлектерiне жоғарғы оқу орындарында студенттерге оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтiк көмек жоғары оқу орындарының анықтамасы негізінде тағайындалып, төленеді;

      9) Ауғанстан Республикасынан Кеңес әскерлерін алып кетудің 20 жылдығы құрметіне Ауғанстандағы әскери қимылдарға қатынасушылардың әрқайсысына 10000 теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек жылына бір рет тағайындалып, төленеді;

      10) Әлеуметтік көмектер арызданушының жеке шотына уәкілетті органның берген тізімі бойынша аударылып, төленеді.

      4. Әлеуметтік көмектерді тағайындау үшін уәкілетті орган керекті құжаттардың тізімін бекітсін.

      5. Әлеуметтік көмектерді қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он (10) күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
 
 

      Аманкелді
      ауданының әкімі                            С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады