Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 13) тармақшасын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына және 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аманкелді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 наурыздағы "Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 9-6-89 болып тіркеліп, "Аманкелді арайы" газетінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 17 санында жарияланған) № 45 қаулысымен бекітілген қосымша "13. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер; 14. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар; 15. Толық емес жұмыс уақыты режимімен қамтылған тұлғалар:" 13. 14. 15 тармақтармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қауының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
Аудан әкімі С. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ
"Аманкелді ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ М. Тобағабылов
"Аманкелді ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығының
міндетін атқарушы
________________ З. Токубаева