Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 19.03.2014 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "ауылдық (селолық)" деген сөздер тиісінше "ауылдық" деген сөзбен сөздерімен ауыстырылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 09.09.2013 № 103 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағын орындау мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 09.09.2013 № 103 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт азаматтық қызметшілеріне қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда облыстық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессияның төрағасы Н. Алашбаев
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы Ғ. Сағиев
КЕЛІСІЛДІ