Мәслихаттың 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 93 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 103 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 2 қазанда № 4228 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 137 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 19.03.2014 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 93 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-87 тіркелген, 2009 жылдың 22 қаңтарында "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбында, мәтінінде "ауылдық (селолық)" деген сөздер тиісінше "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      кіріспеде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрайымы            Л. Войлошникова

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               А. Бондаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады