Азаматтық қызметші болып табылатын және ауданның ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 137 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 сәуірде № 4596 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 215 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 23.02.2015 № 215 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауданның ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдай-да айналысатын азаматтық қызметшілердің ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленсін.
      2. Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      мәслихаттың 2009 жылғы 16 қаңтардағы  93 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9-7-87 тіркелген, 2009 жылғы 22 қаңтарда "Әулиекөл" газетінде жарияланған);
      мәслихаттың 2013 жылғы 9 қыркүйектегі  103 "Мәслихаттың 2009 жылғы 16 қаңтардағы  93 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4228 тіркелген, 2013 жылғы 10 қазанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Тоғызыншы
      сессияның төрайымы

А. Кеңесбаева

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы

А. Бондаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады