Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданың мәслихатының 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 93 шешімі. Қостанай облысы Әулиекөл ауданың Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қаңтарда № 9-7-87 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 137 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 19.03.2014 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "ауылдық (селолық)" деген сөздер тиісінше "ауылдық" деген сөзбен сөздерімен ауыстырылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 09.09.2013 № 103 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағын орындау мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 09.09.2013 № 103 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт азаматтық қызметшілеріне қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда облыстық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
       2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы                         Н. Алашбаев

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ғ. Сағиев

      КЕЛІСІЛДІ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады