2009 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданың әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 9 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданың Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 ақпанда № 9-8-115 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 316 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.12.28 № 316 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан бойынша барлық жұмыс орындар санынан үш пайыз көлемінде мүгедектер үшін квота белгіленсін.
      2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес мүгедектердің жұмыс орындарға орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Денисов
      ауданының әкімі                            А. Кушнир

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады